Біз – қазақстандықтармыз!

Достар, бүгін біз сіздерге сәйкестік туралы бірге ойлануды ұсынамыз...

Бір жағынан бұл түсінік мейлінше қарапайым – өзіңді белгілі бір топпен немесе мәртебемен  сәйкестендіру. Бірақ көбінесе мәселе өзіңді кіммен сәйкестендіру туралы орын алады.

Мынандай бір жағдайды көзіңізге елестетіп көріңізші: «Алдыңызда тақта тұр делік, онда кез-келген тәртіппен  келесі мазмұндағы тақтайшалар орналастырылған:

«Мен – (Сіздің ұлтыңыз)»

«Мен – мамамын/папамын»

«Мен – мемлекеттік қызметшімін»

«Мен – жаспын»

«Мен – жұмыс істейтін адаммын»

«Мен – посткеңестік кеңістік тұрғынымын»

«Мен – Орталық Азия тұрғынымын»

«Мен – Қазақстан азаматымын»

«Мен – қазақстандықпын»

Сіздің қолыңызда үш стикер бар делік және Сіз оны өз қалауыңызша,  осы сәттегі сезімдеріңізге орай тақтайшалар арасында таратып қоя аласыз». Ал енді байқаңыз, сіздің стикерлеріңіз қай жерлерден орын тепті?

Сонымен, «тақтайшаларды» топтастырып, сіздің сәйкестігіңіз өандай көрініс тапқанын байқап қарайық. Әрбір топ жоғарыда аталған  төрт типтің бірі болады.

Ең бірінші тип – ӘЛЕУМЕТТІК СӘЙКЕСТІК, адам өзін белгілі бір мәртебемен немесе әлеуметтік белгілері бойынша біріктірілген адамдар тобымен сәйкестендіреді («мама/папа», «мемлекеттік қызметші», «жұмыс істейтін адам», «жастар»). Егер сіздің стикеріңіз осы тақтайшалардың бірінің үстінен табылса, Сіз үшін басты басымдылықтардың бірі өзіңіздің әлеуметтік тиістілігіңіз болып табылады. 

Қазақстанда 130-ға жуық этникалық топтар тұрып жатыр және тәжірибе көрсеткендей, бүгінгі күні тұрғындар арасында сәйкестіктің дәл осы типі – ЭТНИКАЛЫҚ («Мен – қазақпын, орыспын, неміспін, татармын» деген тақтайшалар осы категорияға жатады). Сізде этникалық тиістілік сезімі басым ба?

Бұдан кеңірек, түрлі формаларды қамтитын «АЗАМАТТЫҚ СӘЙКЕСТІК» ұғымы – өзіңнің елге тиістілігіңді, яғни, адамның өзін белгілі бір мемлекеттің азаматы, мемлекеттер одағы мен әлеумдік қоғамдастық мүшесі ретінде сезінуі.  Мысалы, ересек ұрпақ өзін «посткеңестік кеңістік тұрғындары» деп санайтыны бар, біреулер өзін Орталық Азия өкілі деп есептейді, ал көпшілік өзін қазақстандық деп біліп, біздің елдің көк  түсті төлқұжатына сілтейді. 

ҰЛТТЫҚ ТИІСТІЛІК  - адамдың өзін белгілі бір ұлтқа тиістілігімен байланысты. Бұл тиістіліктің күрделі түрінің бірі болса керек. Қарапайым адамға этнос пен ұлт арасындағы айырмашылықты сезіну қиын. Ғалымдар да дауласып жатады. Бірақ, іс-жүзінде біз не көріп отырмыз? Ұлттық тиістіліктің  жарқын үлгісі ретінде біз француздарды, канадалықтарды, американдықтарды айта алмыз. «Қазақстандықтар» деген ұлт әлі қалыптасуда, себебі біздің мемлекет тарихи масштабта әлі жас. Бірақ біз бұл бағытта жұмыс істеп жатырмыз: мемлекеттік бағдарламалар бар, тұрақтыт үрде қазақстандықтардың қандай екендігі туралы, керек кезде біріге алатын-алмайтындығымыз туралы  пікірталастар ұйымдастырылуда.

Бәлкім осы «әртүрлілік» (этносқа, тілге байланысты  бөлу) тек біздің басымызда ғана ма екен, ал іс жүзінде біз бәлкім қазақстандықтар деп аталатын бірегеу ұлтқа бірігіп кеткен шығармыз.

Ал сіздің ойыңызша «Мен – Қазақстан азаматымын» және «Мен – қазақстандықпын» деген ұғымдардың айырмасы бар ма? Және бірыңғай ұлттың әлі ауылы алыс па әлде біз қазірдің өзінде нағыз «қазақстандықтарға» айналып кеттік пе?

Егер сіз үшін сәйкестік тақырыбы қызық болса, «Рухани жаңғыру» (http://ruh.kz) бағдарламасын жүзеге асыру бойынша идеяларыңыз болса, Этносаралық келісім картасының авторы болғыңыз келсе, «ТРИНТА» жеке қорының жобасына қосылыңыз: trinta-kz@mail.ru, 8 (7232) 52-53-94, +7 705 620 75 86 (WhatsApp).

Жоба «ШҚО ішкі саясат басқармасы» ММ тапсырысы бойынша жүзеге асырылуда

#ТРИНТА_РуханиЖаңғыру