Атырау облысы ішкі саясат басқармасы «Азаматтық орталығы» ғимаратында «Бір адамға арналған 7 тағам. ҮЕҰ мен ҚХА мақсатты аудиторияны қалай бөлеседі және күш біріктіруге бола ма?» атты Атырау облысында алғаш рет ұйымдастырылған МИТАП еркін кездесуі өтті.
Кездесуге ҮЕҰ өкілдері, этномәдени бірлістіктердін төрағалары мен мүшелері, Аналар кеңесінің және «Ассамблея жастары» РҚБ мүшелері белсене қатысты.
Кездесу «ТРИНТА» ЖҚ қолдауымен және тренерлер Атабаева Алтынгүл мен ҚХА Ассамблея жастарының белсенді мүшесі Битеуова Айлана қатысуымен өтті.
Ақпарат Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен іске асырылатын "ҮЕҰ және Қазақстан халқы Ассамблеясы: қазақстандықтар үшін өзара іс-қимылдың пайдалы практикасы" жобасы шеңберінде "ТРИНТА" ЖҚ дайындалды
whatsapp +7-707-650-43-80, e-mail: Trinta-kz@mail.ru