Этносаралық қатынастар және спорт

Биылғы жаз спорттық іс-шараларға өте бай... футболдан Еуропа чемпионаты және Олимпиада ойындары өтті ... бірақ спорт пен этносаралық қатынастардың   байланысы қандай?

Мәселе мынада... Биылғы жылы Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктері арасында шағын футболдан турнир өткізген болатын. Іс-шара спортпен шұғылдануды насихаттауға, командалық рухты нығайтуға, турнирге қатысушылар арасындағы достық байланыстарды қолдауға бағытталған. 

Турнирге екі күн бойы футбол шеберлігінде бақ сынасқан 9 әуесқой команда қатысты. Алаңда бәсекелестік атмосферасы мен толқу рухы орнады, бірақ соңғы ысқырық естіле салысымен атмосфера өзгеріп, қатысушылар көңілді әзілдесіп, бір-бірін жігерлендіріп, достық көңіл-күй орнаған болатын.

Шағын футболдан осындай жарыстар осы жазда Қазақстандағы түрлі елдердің елшіліктері арасында да  өтті – достық матчтар, жанкүйерлердің көтеріңкі көңіл-күйі мен жарыс атмосферасы бұл оқиғаны жарқын әрі есте қаларлық етті.

Әрине, кез-келген классикалық турнирлер сияқты жеңімпаздар мен жеңілгендер болды, бірақ біз үшін достық жеңгені анық еді!

Ақпарат Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен іске асырылатын "ҮЕҰ және Қазақстан халқы Ассамблеясы: қазақстандықтар үшін өзара іс-қимылдың пайдалы практикасы" жобасы шеңберінде "ТРИНТА" ЖҚ дайындалды

 

whatsapp: +7-707-650-43-80 , e-mail:  Trinta-kz@mail.ru 

#ТРИНТА #НПО #АНК #ЭКО #взаимодействие #ЦПГИкз #CISCkz