Акция «Таза Қазақстан»

Бүгін біз сіздерге "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы туралы айтып береміз. Бұл акция Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың қолдауымен басталып, жалғасуда.

Акцияның мақсаты - экологиялық мәдениетті қалыптастыру, "Адал адам – адал еңбек – адал табыс" патриотизм құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарауға үйрету.

Аталған экологиялық акцияға Қазақстанның барлық өңірлері бойынша "Ассамблея жастары" ҚБ мүшелері белсенді қатысуда.

8 сәуірден бастап барлық белсенділер сенбіліктерге, ағаш отырғызуға, аулаларды абаттандыруға, су нысандары мен жағалау аумақтарын тазартуға қатысуда.

Экологиялық акцияға Қостанай облысының "Ассамблея жастары" жастар қозғалысының мүшелері де қосылды. Жастар әрдайым мемлекет басшысының ұсыныстарын, әсіресе табиғатқа ұқыпты қарау ісінде қуана қолдайды. Кездесу орны - Достық аллеясы, ол 2019 жылы Гашек көшесіндегі жағалауда бірлік күнін мерекелеу аясында отырғызылған болатын. Аллея құру бастамасы Қостанай облысының кәріс қауымдастығына тиесілі. Идеяны барлық этномәдени орталықтар қолдаған және бүгінде жағалауда қауымдастық өкілдерінің қолымен отырғызылған қайың мен шаған ағаштары өседі.

Ақпарат Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен іске асырылатын "ҮЕҰ және Қазақстан халқы Ассамблеясы: қазақстандықтар үшін өзара іс-қимылдың пайдалы практикасы" жобасы шеңберінде "ТРИНТА" ЖҚ дайындалды


Сегодня мы расскажем вам об экологической акции «Таза Қазақстан». Данная акция стартовала и продолжается в стране при поддержке Главы государства К. Токаева.

Цель акции – формирование экологической культуры, популяризация ценностей патриотизма «Честный человек – Честный труд – Честный успех», а также бережное отношение к окружающей среде.

В данной экологической акции активно участвуют участники ОО «Ассамблея жастары» по всем регионам Казахстана.

Начиная с 8 апреля все активисты принимают участие в субботниках, посадках деревьев, благоустройстве дворов, и очищении водоемов и прибрежных территорий.

К примеру, к экологической акции присоединились и члены молодежного движения «Ассамблея жастары» Костанайской области. Ребята всегда с удовольствием поддерживают предложения Главы государства, особенно в деле бережного отношения к природе. Место встречи – Аллея дружбы, которая была высажена в рамках празднования Дня единства еще в 2019 году на набережной по улице Гашека. Инициатива создания аллеи принадлежит корейской общине Костанайской области. Идею поддержали все этнокультурные центры и сегодня на набережной растут березы и ясени, высаженные руками представителей общин.

Информация подготовлена ЧФ «ТРИНТА» в рамках проекта «НПО и Ассамблея народа Казахстана: полезные практики взаимодействия для казахстанцев», реализуемого при поддержке Центра поддержки гражданских инициатив по заказу Министерства культуры и информации Республики Казахстан

whatsapp +7-707-650-43-80, e-mail: Trinta-kz@mail.ru