Бүгін Достық үй ғимаратында Үкіметтік емес ұйым төрағалары, мүшелері, ҚХА өңірлік құрылымдары, БАҚ өкілдері қатысуымен “Ашық қоғам” meet-up кездесу өткізілді. Кездесу барысында қоғамдық ұйымдардың, ҚХА топтарының «қоғамдық институттарды дамыту» бойынша гранттарға қатысу әлуетінің аз екенін, экология, халықтың қоғамдық жұмысқа тарту, патриоттық тәрбие, жастардың қоғамдық жұмысқа қатысу туралы мәселелер талқыланды. Кездесу соңында бірнеше қадамдар бойынша бірлесе жұмыс жасауға уағдаласты.
Олар:
1. Барлық ҚХА топтары, ҮЕҰ басшыларына арналған мессенджерде топ ашу;
2. Мессенджерде қоғамдық жұмыстардағы қиындықтармен бөлісу, шешуге көмек көрсету;
3. Топ мүшелерінің ұйымдастырған іс-шараларына қонақ, эксперт ретінде шақыруға ықпал ету;
4. Мемлекеттік қолдаулар төңірегінде республикалық спикер қатысуымен семинар-тренинг ұйымдастыру;
Ақпарат Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының грантын пайдалана отырып іске асырылатын” ҮЕҰ және ҚР Халық Ассамблеясы: өзара іс - қимылдың пайдалы тәжірибелері “ жобасы шеңберінде “ТРИНТА” ЖҚ дайындады