«Қазақ халқының дәстүрлі мәдени құндылықтары» этноквест өтті

13 қыркүйекте Жетісу облысының Еркін ауылдық округінде орналасқан «АБАЙ АУЛЫ» этно кешенінде «Қазақ халқының дәстүрлі мәдени құндылықтары» тақырыбында тамаша Этноквест өтті.

30-ға жуық адам, этноорталықтар мен ҮЕҰ өкілдері, қазақ халқының бай мәдениеті мен дәстүрлеріне терең үңіліп, бірігіп өткізді. Қатысушылардың белсенділігі мен қызығушылығы бізді қуантты!

Арнайы алғысымызды жүргізуші әрі «Алтын Адам» креативті орталығының басшысы Бакирова Динара Сериковнаға білдіреміз. 

Сондай-ақ, әділқазылар алқасына және шарамыздың қолдаушыларына, “Тринта” жеке қордың басшысы Натарова Юлия Николаевнаға, этноквест өткізудегі мүмкіндігі үшін шексіз алғысымызды айтамыз!

Сонымен қатар, «Достық», «Ұлжан» және «Жастар» командаларының капитандарына белсенді қатысқандығы және тамаша ойыны үшін үлкен рахмет!

Барша қатысушылар мен қолдаушыларға алғысымызды білдіреміз, бірге Қазақстанның қайталанбас мәдени мұрасын сақтап, дамытудамыз!

Ақпарат Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының грантын пайдалана отырып іске асырылатын” ҮЕҰ және ҚР Халық Ассамблеясы: өзара іс - қимылдың пайдалы тәжірибелері “ жобасы шеңберінде “ТРИНТА” ЖҚ дайындады