Бүгін біз сіздерді ҚХА Аналар кеңесінің "Салауатты сана" жобасымен таныстырғымыз келеді.
Маңғыстау облысының Достық үйінде "Салауатты сана" жобалық кеңесінің бірінші отырысы өтті.
Спикерлер "Ысырапшылдық – қоғам ауруы" тақырыбында ой қозғап, сондай-ақ бүгінде қоғамда және әрбір үйде болып жатқан зияны туралы айтып, жастардың олардан аулақ болуға баулу қажеттігін түсіндірді.
Бұл жобаның мақсаты қоғам үшін 5 әлеуметтік қауіпті салдардың: нашақорлықтың, людоманияның, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, буллингтің және ысырапшылдықтың алдын алу және онымен күресу бойынша "Мәдениетті ана - мәдениетті ұлт" ҚХА Аналар кеңесінің жобасы шеңберінде жүйелі жұмысты ұйымдастыру болып табылады.
Бейнематериал Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының парақшасынан алынды.
Ақпарат Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен іске асырылатын "ҮЕҰ және Қазақстан халқы Ассамблеясы: қазақстандықтар үшін өзара іс-қимылдың пайдалы практикасы" жобасы шеңберінде "ТРИНТА" ЖҚ дайындалды
whatsapp +7-707-650-43-80, e-mail: Trinta-kz@mail.ru