"Қазақтану" мәдени-ағарту жобасы

Бүгін сіздерді "Қазақтану" мәдени-ағарту жобасымен таныстырамыз.

"Қазақтану " жобасына қазақ халқының рухани және мәдени құндылықтарының біріктіруші әлеуетін Қазақстан Республикасы халқының қоғамдық санасына енгізу жүйесін құру мақсатында бастамашылық етілген болатын.  

Жобаның серіктесі "Қасиетті Қазақстан" ғылыми-зерттеу орталығы болды. Дәріскерлер мен спикерлер пулы (100-ден астам адам) қалыптастырылып, өзектендірілді. 

Республикалық деңгейде бұл жоба ҚХА республикалық дәрісі және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының семинар-тренингтері шеңберінде жүзеге асырылды. 

Айта кетерлігі сол,  барша дәрістерде жұмыс істейтін  дәріскерлердің сапалық құрамы өткізілетін іс-шараларға  жоғары мәртебе беріп, осы жобаға халық арасында қызығушылық тудырды.

Ақпарат Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен іске асырылатын "ҮЕҰ және Қазақстан халқы Ассамблеясы: қазақстандықтар үшін өзара іс-қимылдың пайдалы практикасы" жобасы шеңберінде "ТРИНТА" ЖҚ дайындалды 

whatsapp +7-707-650-43-80, e-mail: Trinta-kz@mail.ru