Ақсақалдар кеңесі

Сізді этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыратын және іске асыратын ұйымдардың қызметімен және жұмысымен таныстыруды жалғастырамыз. Бүгін Ақсақалдар кеңесі туралы айтып берейік. Ұлы Далада Ақсақалдар кеңесі заңнамалық, сот және діни жүйелердің тірегінің бірі болды. Кеңес құрамына тұрмыстық, шаруашылық мәселелер мен дауларды шешкен, өскелең ұрпақты тәрбиелеу мәселелерін қарастырған ең құрметті және лайықты адамдар кіретін.






















