«ТРИНТА» жеке қоры жүзеге асыратын « ҮЕҰ және Қазақстан халқы Ассамблеясы: қазақстандықтар үшін өзара іс-қимылдың пайдалы практикасы» жобасы аясында үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) мен Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) құрылымдары арасындағы өзара іс-қимылды жақсартуға бағытталған әдістемелік ұсынымдар жинағы әзірленді.
Жинақта сіз мыналарды таба аласыз:
- ҮЕҰ мен ҚХА арасындағы өзара іс-қимылдың негізгі тұжырымдамаларын, принциптерін және әдістерінің түсіндірмелері
- Қазақстанда және шетелде табысты әлеуметтік инновациялардың мысалдары
- Ынтымақтастық құру және интерактивті жұмыс әдістерін қолдану бойынша ұсыныстар
- Серіктестік құру және дамыту бойынша практикалық кеңестер
Бұл жинақ кімге пайдалы? Жинақ материалдары мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғам институттарының өкілдеріне, әлеуметтік ғылымдар пәндерінің оқытушылары мен студенттеріне, сондай-ақ ҮЕҰ арасындағы тиімді өзара іс-қимыл мәселелерін зерттеуге мүдделі барлық адамдар мен ұйымдарға пайдалы болады.
Қайдан табуға болады? Жинақты https://etnonavigator.kz/ru/ сайтынан екі тілде – орыс және қазақ тілдерінде жүктеп алуға болады. Барлық материалдарды өз жобаларыңызды әзірлеу және жүзеге асыру, қарым-қатынасты жақсарту және серіктестікті нығайту үшін пайдалануға болады.
Ақпарат Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен іске асырылатын "ҮЕҰ және Қазақстан халқы Ассамблеясы: қазақстандықтар үшін өзара іс-қимылдың пайдалы практикасы" жобасы шеңберінде "ТРИНТА" ЖҚ дайындалды
whatsapp +7-707-650-43-80, e-mail: Trinta-kz@mail.ru