«ЭтноGame» ойынын өткізуге арналған онлайн оқу-әдістемелік іс-шарасы / Учебно-методическое онлайн-мероприятие по проведению «ЭтноGame»

2025 жылғы 16 сәуір күні сағат 11:00-де «ҮЕҰ және Қазақстан халқы Ассамблеясы: қазақстандықтар үшін өзара іс-қимылдың пайдалы практикасы» жобасы аясында «ЭтноGame» ойынын өткізуге арналған оқу-әдістемелік онлайн-іс-шара өтті.

Іс-шараға «ЭтноGame» ойынының авторы Равиль Юнусов пен Қазақстанның түрлі өңірлерінен ұйымдастырушылар қатысты. Кездесу барысында қатысушылар ойынның өткізу әдістемесімен танысып қана қоймай, оны ұйымдастыру, ережелері бойынша белсенді түрде сұрақтар қойды.Талқылау барысында «ЭтноGame» ойынын жергілікті деңгейде іске асырудың сәтті кейстері қарастырылды. Ойын авторы Юнусов Равильге және өңірлердегі серіктестерге белсенді қатысқаны, қызығушылық танытқаны және жобаның дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз.

«ЭтноGame» ойындары мамыр мен қазан айлары аралығында Қазақстанның түрлі өңірлерінде өткізіледі деп жоспарлануда. Барлық ниет білдірушілер ойынға қатыса алады. Іс-шаралар туралы ақпарат алдын ала хабарланатын болады.
Мұндай іс-шаралар білім мен тәжірибе алмасуға, сондай-ақ ҮЕҰ мен Қазақстан халқы Ассамблеясы арасындағы тиімді өзара іс-қимылға ықпал етеді.


16 апреля 2025 года в 11:00 состоялось учебно-методическое онлайн-мероприятие, посвящённое проведению игры «ЭтноGame». Видеоконференция прошла в рамках реализации проекта «НПО и Ассамблея народа Казахстана: полезные практики взаимодействия для казахстанцев».

В мероприятии приняли участие автор игры «ЭтноGame» Равиль Юнусов и организаторы из различных регионов Казахстана. В ходе встречи участники не только ознакомились с методикой проведения игры, но и активно задавали вопросы, касающиеся организации, правил. В рамках обсуждения были рассмотрены успешные кейсы реализации «ЭтноGame» на местах. Выражаем благодарность автору игры и партнёрам в регионах за активное участие, заинтересованность и вклад в развитие проекта.

Проведение «ЭтноGame» в регионах планируется с мая по октябрь 2025 года. Принять участие в игре смогут все желающие. О датах и местах проведения будет сообщено заранее. Подобные мероприятия способствуют обмену знаниями и способствуют эффективному взаимодействию между НПО и Ассамблеей народа Казахстана.

Ақпарат Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен іске асырылатын "ҮЕҰ және Қазақстан халқы Ассамблеясы: қазақстандықтар үшін өзара іс-қимылдың пайдалы практикасы" жобасы шеңберінде "ТРИНТА" ЖҚ дайындалды