Алмасу сапарларына стипендия алуға арналған байқау жарияланды

«ТРИНТА» ЖҚ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «ҮЕҰ мен Қазақстан халқы Ассамблеясы: қазақстандықтар үшін өзара іс-қимылдың пайдалы практикасы» жобасы аясында этномәдениетті, ұлттық брендтерді және этноблогингті дамыту саласында жұмыс істейтін мамандар мен белсенділерге арналған байқауды жариялайды.

Байқау туралы:

  • Байқаудың мақсаты — Қазақстан аумағында алмасу сапарларын ұйымдастыру. Бұл сапарлар тәжірибе және білім алмасуға, серіктестік байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ әртүрлі этностардың мәдениетін дәстүрлі қолөнерден бастап заманауи этноблогингке дейін әртүрлі форматта ілгерілетуге бағытталған.
  • 20 жеңімпаз өз сапарын ұйымдастыру шығындарын өтеуге көмектесетін 120 000 теңге көлемінде стипендия алады.

Қатысу үшін қажет:

  • Өтінім формасын толтырып, байланыс деректерін, жұмыс орныңыз бен лауазымыңызды, этноблогинг және мәдени брендтерді ілгерілету саласындағы тәжірибеңізді, сондай-ақ орындалған жобаларға сілтемелерді көрсету (бар болса).
  • Сапар өткізілетін орынды көрсетіп, қабылдаушы тараптың сізді қабылдауға дайындығын растайтын хат немесе хабарлама қоса тіркеу.
  • Сапардың мақсаты мен міндеттерін нақтылап, не үйренгіңіз келетінін және қабылдаушы тараппен қандай тәжірибе алмасқыңыз келетінін сипаттау.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 2 мамыр – 30 мамыр

Сапарлар кезеңі: 2025 жылғы 16 маусым – 14 қараша

Ақпарат Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен іске асырылатын "ҮЕҰ және Қазақстан халқы Ассамблеясы: қазақстандықтар үшін өзара іс-қимылдың пайдалы практикасы" жобасы шеңберінде "ТРИНТА" ЖҚ дайындалды

whatsapp +7-707-650-43-80, e-mail: Trinta-kz@mail.ru