«ЭтноGame» үстел ойыны: мәдениеттер үндестігі мен бірлік алаңы
2025 жылғы 27 мамыр күні сағат 11:00-де М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің бас ғимараты, 222-аудиториясында «ЭтноGame» атты танымдық үстел ойыны өтті.
Іс-шараны “ТРИНТА” жеке меншік қоры мен «Алтын Орда» қайырымдылық қоғамдық қоры бірлесіп ұйымдастырды.
«ЭтноGame» — бұл этностар арасындағы өзара іс-қимылды жақсартуға, мәдени хабардарлықты арттыруға және түрлі ұлт өкілдері арасындағы байланыстарды нығайтуға бағытталған зияткерлік әрі қызықты жоба.
Шара барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдары мен үкіметтік емес ұйымдар арасында тиімді әріптестікке жол ашатын ашық алаң құрылды.
Іс-шараға Ассамблея жастары, ҮЕҰ өкілдері мен белсенді жастар қатысты. Қатысушылар арнайы әзірленген үстел ойыны арқылы түрлі этностардың мәдениетін тануға мүмкіндік алып, өзара түсіністік пен сыйластыққа негізделген орта қалыптастырды.
Шара соңында үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар мен жеңімпаздар марапатталды.
«ЭтноGame» — бұл ойлау мен таным арқылы ұлттар достығын бекемдеудің заманауи үлгісі.
ЭтноGame Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен іске асырылатын "ҮЕҰ және Қазақстан халқы Ассамблеясы: қазақстандықтар үшін өзара іс-қимылдың пайдалы практикасы" жобасы шеңберінде "ТРИНТА" ЖҚ және "Алтын Орда” ҚҚҚ серіктестікте ұйымдастырылды