Байқау жеңімпаздарының алмасу сапарларының басталғанын хабарлаймыз!

2025 жылғы мамыр айында алмасу сапарлары бағдарламасына қатысуға арналған байқау өтті.
Қазақстанның түкпір-түкпірінен 50-ден астам маман, этноблогер, белсенді және мәдени ұйым өкілдері өтінім жолдады.
Мұқият іріктеу нәтижесінде 20 жеңімпаз анықталып, олар елдің басқа өңірлеріне барып, тәжірибе алмасу, табысты жобалармен танысу және жаңа этномәдени бастамалар жасау мүмкіндігіне ие болды.
2025 жылғы 16 маусым мен 14 қараша аралығында жеңімпаздар сапарға аттанып, тәжірибе алмасуға, бірлескен бастамалар жасауға және мәдени ынтымақтастықты дамытуға бағытталған іс сапарларға қатысады.
Бір ортақ мақсат - ұлттық брендтерді, этноблогинг пен этномәдени бастамаларды ілгерілету!
Сапарлардың тақырыптары мен бағыттары әртүрлі:

  • Этнодизайн мен қолөнер: этноөрнектермен заманауи бұйымдар жасау
  • Қазақ зергерлік өнері
  • Этноблогингтің заманауи форматтары: сторис, reels, TikTok, YouTube
  • Этномәдени акцентте этносаралық қатынастардағы медиация
  • Музыкалық көпірлер: қазақ-татар мәдени байланыстары
  • Корей мәдениеті: бастамалар мен мерекелерге жастарды интеграциялау
  • Көрнекі этностильдер мен ою-өрнектер: оларды әлеуметтік желілер арқылы сақтау және түсіндіру
  • Кілем тоқу, киіз басу, кесте тігу: өңірлік шеберлерден үйрену
  • Грузин этномәдени бірлестігіне сапар, мастер-класстар, мақалалар мен блогтар ұйымдастыру

Қатысушылар тек жаңа білім мен дағдылар алып қана қоймай, сонымен қатар видеоконтент жасайды, іс-шаралар өткізеді, мақалалар жазады, фото және видеоесептер әзірлеп, өз табыс хикаяларымен бөліседі.
Біздің аккаунтта қатысушылардың материалдарын, нәтижелерін, Reels пен табыс хикаяларын жариялайтын боламыз!
Алмасу сапарлары Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен іске асырылатын "ҮЕҰ және Қазақстан халқы Ассамблеясы: қазақстандықтар үшін өзара іс-қимылдың пайдалы практикасы" жобасы шеңберінде «ТРИНТА» ЖҚ жүзеге асырылады.
whatsapp +7-707-650-43-80, e-mail: Trinta-kz@mail.ru