Алмасу сапары. Ақтау – Астана

Астанада тәжірибе алмасу сапары

  • 9 шілде 2025 жыл
  • Астана қаласы

«Parasat Aktau» ҚБ өкілі ретінде тәжірибе алмасу сапары аясында ұлттық киім дизайнері, этнонасихатшы әрі қолөнер шебері Бұлбұл Кәпқызымен кездестім.

Бұл сапар «ҮЕҰ және Қазақстан халқы Ассамблеясы: қазақстандықтар үшін өзара іс-қимылдың пайдалы практикасы» жобасы аясында, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен жүзеге асырылуда.

Бұлбұл ханым ұлттық қолөнердің барлық түрін меңгерген, нағыз этномәдени бағыттың жанашыры.

Кездесу барысында біз ұлттық мұра мен этноөнерді заманауи форматта дәріптеу жолдарын, қолөнерді қоғамға тиімді жеткізудің тетіктерін, болашақ бірлескен жобаларды талқыладық.

Бұл алмасу – тәжірибе ғана емес, ұрпаққа мұра қалдыру жолындағы ортақ құндылықтарымыздың тоғысқан тұсы.