Алмасу сапары. Түркістан – Алматы

8 тамыз күні біз Алматы қаласында, әйгілі “Ұлытау” тобының шығармашылық ұжымымен кездесіп, шығармашылық, ұлттық музыканы ілгерілету, этноблогингті дамыту және продюсерлік жұмыс жайында сұхбат құрдық.

Сұхбат соңында топтың кезекті концертіне дайындығын тамашаладық.

Аталмыш топ 1997 жылдан бері әлемдік музыка аренасында табысты өнер көрсетіп келеді. Сондыштан топтың жүріп өткен жолы, тәжірибесі осы саладағы кез-келген маманға өте пайдалы, баға жетпес дәріс деп білеміз.

Бұл тәжірибе алмасу сапары “Тринта” шоғамдық шорының демеуімен жүзеге асты. Осындай мүмкіндікке жол ашқан шор ұжымына алғыс айтамыз.

Тәжірибе алмасу сапары Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен жүзеге асырылатын «ҮЕҰ және Қазақстан халқы Ассамблеясы: қазақстандықтар үшін өзара іс-қимылдың тиімді тәжірибелері» жобасы аясында ұйымдастырылды.