ЭтноGame. Атырау

2025 жылдың 18 тамыз күні Атырау қаласында Азаматтық орталықта «ЭтноGame» этномәдени ойыны өтті.

Ойынға ҮЕҰ өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының аймақтық құрылымдары, азаматтық белсенділер мен жастар қатысты. Қатысушылар үстел ойыны арқылы әртүрлі халықтардың мәдени мұрасымен танысып, зейін, есте сақтау және жылдамдық қабілеттерін сынады. Ойын соңында үш топтан жеңімпаздар жарияланып сыйлықпен марапатталды.

Іс-шараның ерекше сәттерінің бірі – @zholashar.fund қорының балаларының домбырамен әдемі күй тартуы болды. Олар ұлттық өнердің құдіретін көрсетіп, қатысушыларға рухани әсер сыйлады.
Бұл шара «ҮЕҰ және Қазақстан халқы Ассамблеясы: қазақстандықтар үшін пайдалы өзара іс-қимыл тәжірибелері» жобасы аясында, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен «ТРИНТА» ҚҚ және «Qabilet» ҚҚ серіктестікте ұйымдастырылды.

Іс-шара қатысушыларға мол әсер мен жаңа тәжірибе сыйлады!