Онлайн оқыту консультациясына шақырамыз

19 тамыз (сәрсенбі) күні сағат 10:00-де ZOOM платформасында өтетін онлайн оқыту консультациясына шақырамыз.

Консультацияда қарастырылатын сұрақтар:

  •  медиасауаттылық қазіргі маманның негізгі құзыреті ретінде 
  • ақпаратты тексеру әдістері және цифрлық құралдар
  • дезинформация, манипуляция және өшпенділік тілінің белгілері
  • этносаралық қатынастар саласындағы дағдарыс кезіндегі коммуникация
  • күмәнді ақпарат анықталған жағдайда маманның әрекеттері бойынша чек-парақ
  • Қазақстандағы нақты кейстерді талдау және практикалық жұмыс

Қалай қатысуға болады?
Тіркелу үшін бізге 87076504380 WhatsApp нөмірі арқылы аты-жөніңізді, өңіріңізді және ұйымыңызды жазыңыз – қосылу сілтемесін жібереміз.

Іс-шара «Этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылының сапасы мен тиімділігін арттыру» жобасы шеңберінде ШҚО ішкі саясат басқармасы ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша өткізіледі.