Екі күн бойы қатысушылар интерактивті жұмыс әдістерімен танысып, практикалық тапсырмалар орындады, топтармен жұмыс істеді және конструктивті диалог құру барысында кездесуі мүмкін түрлі жағдайларды талқылады.
Қатысушылар тренер рөлінде өздерін сынап көріп, аудиториямен жұмыс істеудің әртүрлі тәсілдерін тәжірибе жүзінде қолданды. Сондай-ақ алынған білім мен құралдарды алдағы кәсіби қызметте қалай пайдалануға болатыны туралы пікір алмасты.
Барлық қатысушыларға белсенділігі мен ашық пікір алмасқаны үшін алғыс білдіреміз.
Іс-шара «Этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылының сапасы мен тиімділігін арттыру» жобасы шеңберінде ШҚО ішкі саясат басқармасы ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша өткізілді.







