АӘМ Ақпараттық кеңістіктегі жауапкершілікті мінез-құлық
«Ақпараттық кеңістіктегі жауапкершілікті мінез-құлық» атты ақпараттық-әдістемелік материалды ұсынамыз.
Материал азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, этносаралық қақтығыстардың алдын алуға және интернетте қарым-қатынас жасау кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтауға бағытталған. Жадынамада шындыққа сай келмейтін ақпарат тарату, алауыздықты қоздыру және цифрлық әдеп қағидаларын бұзу үшін жауапкершілік туралы түсіндірмелер берілген. Құжаттың электрондық нұсқасын суреттегі QR-кодты сканерлеу арқылы немесе https://drive.google.com/drive/folders/1OB29DudrLTMJzKuFIPQBS9rgUgWw6LN3... осы сілтеме бойынша жүктеп алуға болады.
Материал «Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылының сапасы мен тиімділігін арттыру» жобасы аясында әзірленді.