«Ақпаратты қауіпсіз тарату» атты ақпараттық-әдістемелік материалды ұсынамыз.
Күн сайын әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы көптеген хабарлама аламыз. Алайда ақпараттың бәрі бірдей шындыққа сай бола бермейді. Кейде ойланбай бөліскен бір жазбаның өзі елеулі салдарға әкелуі мүмкін.
Жаңа буклетте ақпаратты тексеру, бастапқы дереккөздерді табу, жалған ақпаратты ажырату және арандатуға ермеу жөніндегі қарапайым кеңестер жинақталған.
Материал «Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылының сапасы мен тиімділігін арттыру» жобасы аясында әзірленді.