АӘМ «Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты, онлайн контент және этносаралық қатынастар саласындағы құқықтық нормалар»

«Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты, онлайн контент және этносаралық қатынастар саласындағы құқықтық нормалар» атты ақпараттық-әдістемелік материалды ұсынамыз.

Өз тілдік құқықтарыңызды қалай қорғауға болады? Алауыздықты қоздырғаны және интернетте тыйым салынған контентті таратқаны үшін қандай жауапкершілік көзделген?

Осы және басқа да сұрақтардың жауаптары буклетте жинақталған. Онда заңнаманың негізгі талаптары түсіндіріліп, құқық бұзушылық туралы электрондық сервистер арқылы қалай хабарлауға болатыны көрсетілген.

Материалды суреттегі QR-кодты сканерлеу арқылы немесе мына сілтеме бойынша https://drive.google.com/file/d/1B-RpWU4ZWoXROa-gSI1HQipe9gTe_y9c/view?u... жүктеп алуға болады.

Материал «Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылының сапасы мен тиімділігін арттыру» жобасы аясында әзірленді.