Алмасу сапары. Түркістан – Алматы

8 тамыз күні біз Алматы қаласында, әйгілі “Ұлытау” тобының шығармашылық ұжымымен кездесіп, шығармашылық, ұлттық музыканы ілгерілету, этноблогингті дамыту және продюсерлік жұмыс жайында сұхбат құрдық.
Сұхбат соңында топтың кезекті концертіне дайындығын тамашаладық.
Аталмыш топ 1997 жылдан бері әлемдік музыка аренасында табысты өнер көрсетіп келеді. Сондыштан топтың жүріп өткен жолы, тәжірибесі осы саладағы кез-келген маманға өте пайдалы, баға жетпес дәріс деп білеміз.





















